Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында “Toyota” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Павлодар облысында “Toyota” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазан сағат 19:25 шамасында “Toyota” автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі “Омбы-Майқапшағай” автожолымен жүріп, Заря ауылына қарама-қарсы 1955 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттардан көз жұмды. Жарықтың болмауына байланысты жүргізуші оны кеш байқап, тиісті әрекет қабылдай алмады. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Айта кету керек, Полиция департаменті “Қазавтожол” АҚ басшылығына қала сыртындағы жолдарда (елді мекендердің жанында, қауіптілігі жоғары жерлерде, өткелдердің үстінде, мал айдау учаскелерінде, автобус аялдамаларында) жасанды жарықтандыру орнату мәселесі бойынша ұсыныстар жіберді.

Сонымен қатар, полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды көлікті басқару кезінде, әсіресе қала сыртындағы жолдарда аса мұқият болуға, жылдамдық режимін және жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру