Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы несие алаяғын ұстады

Алматы полициясы несие алаяғын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 жастағы жігіт “іскер” болып шықты.

– Тергеу барысында күдіктінің интернет-ресурстарды пайдалана отырып, әртүрлі сомада тауарлық несиелер рәсімдегені анықталды. Қазіргі уақытта ол жасаған алаяқтықтың 10 эпизоды дәлелденді. Бұрындары жігіттің заңмен қиындығы болған жоқ. Бұл оның “өзін-өзі жұмыспен қамтудағы” және алдау жоспарын жүзеге асырудағы алғашқы қадамдары. Қылмыстық заңнамада бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

ҚР ҚПК-нің 128 бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен, 1999 жылы туған Ж.есімді азамат ұсталды. Күдіктіге қатысты ауданаралық тергеу соты “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру