Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қызмет мерзімін ұзарту институтын жеңілдетудің артықшылықтары туралы айтты

Алматы полициясы қызмет мерзімін ұзарту институтын жеңілдетудің артықшылықтары туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков түсіндіргендей, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңдарды қабылдау тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында сыбайлас жемқорлық факторы ретінде санамаған жөн және қызмет ету мерзімін ұзарту институтын жеңілдету ұсынылды.

Құқық қорғау органдарының жоғары беделді құрамының қалыптасуын қамтамасыз ету үшін қызмет өткерудің жас шектеуін арттыру ұсынылады. Бұл ұсыныс құқық қорғау органының қызметкерінің еңбек өтілі бойынша зейнеткерлікке шығу тәртібі мен шарттарына әсер етпейді, ал еңбек өтілінің есебі сол күйінде қалады. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір қызметкерлер жас шегіне жеткенде қызмет мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінеді. Ұзартудан бас тартылған жағдайда, ішкі істер органының бұрынғы қызметкерлері, еңбекке жарамды жаста бола тұра, азаматтық секторда жұмыс істейді, олардың тәжірибесі алтынмен бағаланатындай құнды: олардың кәсіби дайындық деңгейі жоғары. Әдетте, олардың тікелей басшылығымен ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүктелген міндеттерді тиімді орындау, оның ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмыспен күрес, сонымен қатар, құқық қорғау қызметінің негізгі қағидалары жүзеге асырылады. Бұл шараларды қабылдау полицейлердің кәсіби ядросы мен құқық қорғау әлеуетін сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, кәсіби тәжірибені беруге және полиция қызметкерлерінің жасаруына “ауыртпалықсыз” өтуге мүмкіндік береді, – деді Нашарбеков.

Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, “ғылым докторы”, “ғылым кандидаты”, “PhD докторы” ғылыми дәрежелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлердің қызметтен өтуі үшін жақсартылған жағдайлар жасаған жөн.

– Мысалы, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ресей Федерациясында осыған ұқсас заңнамалық түзетулер 2016 жылы енгізілген болатын. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарын бітірген қызметкерлеріне қатысты қызмет жасының шегі 65 жас болып белгіленген. Ал Германия, Канада, АҚШ және Жапония сияқты шет елдерде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің зейнеткерлікке шығуы 65 жасты құрайды, – деді Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру