Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы түнгі көліктегі бұзақыларды жазалады

Алматы полициясы түнгі көліктегі бұзақыларды жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлік жүргізушілердің заңсыз әрекеттері – әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталды.

– Автокөлік жүргізушілерінің бір тобы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып қаланы аралап жүрген. Бұл көліктердің жүргізушілері анықталды. Олардың жасы 22-де. Тәжірибе көрсеткендей, заңға бағыну мен көлік жүргізу тәртібінің деңгейі өте төмен. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды. Барлығы бес жүргізушіге 30 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамағаны үшін, бағдаршамның қызыл түсінде жүргені үшін, апаттық жағдай туғызғаны үшін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісісіз көлік құралын басқарғаны үшін, артқы жағымен қозғалғаны үшін, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін, көлік құралына арнайы дабыл беретін құрылғыларды орнатқаны және т.б., – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру