Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жеке үйге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Алматыда жеке үйге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері жеке үйден ұрлық жасаған күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

– Белгісіз біреу тұрғын үйге терезеден кірген және жеке мүлікті ұрлаған, материалдық шығын 7 млн ​​теңгені құрады. Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктінің жеке басы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру