Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан 100 грамнан астам марихуана табылды

ШҚО тұрғынынан 100 грамнан астам марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Самар ауданының полиция қызметкерлері есірткі сақтаған деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Ұсталғаннан кейін оның үйі мен аулалық құрылыстарына жедел тінту жүргізілген, онда қара түсті қоймалжың жағындысы бар жоғарғы бөлігі кесілген бөтелке, өсімдік тектес заты бар полиэтиленді пакет және жасыл өсімдік заты бар маталы түйіншек табылған және алынған.

Сондай-ақ, диванның астынан қоңыр түсті қоймалжың жағындысы бар шөлмектің жоғарғы бөлігі табылған. Жүргізілген сараптама қаскөйден алынған заттар жалпы салмағы 103,18 грамм кептірілген марихуана екенін көрсеткен. Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру