Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жезөкшелер үйін анықтады

Алматы полициясы тағы бір жезөкшелер үйін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бұл жолы қаланың Медеу ауданындағы Шухов көшесінде орналасқан мекеме тексеріске түсті.

– Салон рейдтік іс-шараның нәтижесінде анықталды. Үйді біздің қызметкерлеріміз тексерген кезде интимдік қызмет көрсететін сегіз әйел болды. Үйін жезөкшелікпен айналысу үшін жалға берген үй иесі жауапқа тартылды. Ал салон қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлға тартылды. Олар – сырттан келгендер. Алматыда тұрақты тіркеулері жоқ, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру