Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жүк контейнерлерін “сатқан” ер адамды ұстады

Алматы полициясы жүк контейнерлерін “сатқан” ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары аясында контейнерлерді “сатқан” күдіктіні анықтады. Бұл 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

– М.есімді азамат алдау жоспарын ойлап тауып, соған сәйкес әрекет етті. Ол жарнама берді, келіссөз жүргізді, ақша алды. Сайттардың бірінде күдікті контейнерлерді төмен бағамен сату туралы жарнамаларды кезеңмен орналастырады. Сатып алушы пайда болған кезде, қаскөй жалған келісім-шарттар жасады, тауар мен жеткізілім үшін жүз пайыздық алдын-ала аударым туралы келісімге келді. Клиенттердің қаражаты банк карталарына аударылды. Ақшаны алғаннан кейін М.есімді азамат байланысқа шығуын тоқтатты, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, жасырынды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазірдің өзінде бірнеше зардап шеккендер анықталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл адамның әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды полиция мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-705-555-77-63; 8-705-771-13-71.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру