Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Белка қызметтік иті шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде ӨР-нан ҚР-на өтіп жатқан азамат күмән тудырып, Белка қызметтік иті белгі береді. Содан тексеру кезінде күдікті азаматтың қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас зат табылады. Белгілі болғандай күмән тудырған ер азамат Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Ол қалтасындағы есірткімен Қазақстан Республикасына өтпек болған.

Аталған жайт ҚК 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат “кептірілген марихуана” екені анықталды. Жалпы салмағы 1 граммнан асады.

Егер де сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру