Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Стоп-трафик”: ШҚО-да полицейлер 3 притонды анықтады

Стоп-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында ШҚО полицейлері үш притонды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19-24 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Стоп-Трафик” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, оның шеңберінде полицейлер еңбек және сексуалдық қанауфактілерін анықтау мүмкіндігі жоғары қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін және басқа да әртүрлі объектілерді тексеріп, соның нәтижесінде тәртіп сақшылары әкімшілер жеңіл жүрісті қыздарды “ұсыну” арқылы Семей және Өскемен қалаларының сауналарында жезөкшелікпен айналысуға жеңгетай болып және притондарды ұйымдастыру арқылы, қосымша заңсыз табыс тауып келген. Бұл ретте осындай қызмет көрсеткені үшін жезөкше тапқан табысының 30%-ын сауна әкімшісіне “сыйақы” ретінде беріп отырған.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған адамдарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін әйелдердің өздері арнайы есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру