Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының басшысы тұрғындар алдында есеп берді

Алматы полициясының басшысы тұрғындар алдында есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықпен дәстүрлі кездесу оффлайн режимде өтті. Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров қала тұрғындары мен қонақтарын криминогендік жағдай туралы хабардар етіп, қылмыстың азайғанын хабарлады.

 

– Статистика үшін айта кетейін, бұрын күн сайын 120 қылмыс тіркелсе, жыл соңында бұл көрсеткіш тәулігіне 66 қылмысты құрады. Осылайша, қылмыстың барлық түрлерінің тіркелуінің 45%-ға тұрақты төмендеу үрдісі байқалады. Аса ауыр қылмыстар, интернет-алаяқтық, бопсалау, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жымқыру, қалта ұрлығы және автокөлік ішінен ұрлық жасау азайды. Біз күн сайын қаладағы қылмыстық ахуалға талдау жасаймыз және осыны ескере отырып, полицияның модульдік бекеттерін құқық бұзушылықтар көп орын алатын орындарға көшіреміз, – деді Арыстанғани Заппаров.

Спикердің айтуынша, арнайы аналитикаға сүйене отырып, біз күн сайын полиция мен Ұлттық ұланның жеке құрамынан 800 адамды жұмылдырып, жету қиын жерлерге және аулаларға жаяу патрульдеу қызметін атқарамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру