Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция қызметкерлері мектеп автобустарын тексерді

Павлодар облысында полиция қызметкерлері мектеп автобустарын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтіп жатқан “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” акциясы шеңберінде жүргізілді. Барлығы 12 мектеп автобусы тексерілді.

Әкімшілік полицияның жол және техникалық инспекциясының мемлекеттік автоинспекторы Ерсұлтан Ақашов өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының болуын, автобустың артқы жүрісі кезінде жыпылықтайтын маяктардың, дыбыстық және жарық сигналдарының жұмысқа қабілеттілігін тексерді.

Тексеру нәтижелері бойынша аудандық білім беру бөліміне инспектор анықталған кемшіліктерді жою бойынша алты ұйғарым жазып берді, сондай-ақ жүргізушілермен ЖҚЕ-ні мүлтіксіз сақтау туралы профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, оның ішінде балаларды мектеп автобустарына отырғызу-түсіру қағидалары және балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғыларын міндетті пайдалану. Жүргізушілердің әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғы тексерілді.

Павлодар ауданының полиция бөлімі жол қозғалысының барлық қатысушыларына жолдарда өте мұқият және сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру