Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының басшысы тұрғындарға есеп берді

Алматы полициясының басшысы тұрғындарға есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтарының алдында жыл сайынғы есеп беру кездесуі онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының эфирінде өтті.

– 2020 жылы Алматы полициясының қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының талаптарын жүзеге асыруға, сондай-ақ, ағымдағы жылды – профилактика жылы деп жариялаған ішкі істер Министрінің тапсырмаларын орындауға бағытталды. Осылайша, өткен жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде қалада қылмыс деңгейін 47,8, оның ішінде ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды 2,5 есеге азайтуға мүмкіндік туды. Қылмыстың ашылуыда жақсарды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны төрт есеге азайды. Талдау көрсеткендей, қалада қылмыстың азаюына карантиндік шараларды күшейту, модульдік бекеттер құру, патрульдік полиция Полкінің 30%-ын жаяу патрульге ауыстыру себеп болды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов тікелей эфир кезінде.

Спикердің айтуынша, қабылданған шектеу шаралары қаладағы қылмыстардың негізгі бөлігін сырттан келгендер жасайтындығын көрсетті.

– Жалпы, департаменттің кадрлық және материалдық-техникалық әлеуеті бізге жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындауға, еліміздің ірі шаһарында заңдылық пен тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру