Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ауылдық жолда “Lexus” автокөлігі жылқымен соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық жолда “Lexus” автокөлігі жылқымен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тайынша-Келлеровка” автожолында 31 жастағы петропавлдық жағымсыз сәттерді басынан кешірген. 9 ақпан кешкі сағат жеті шамасында Многоцветное ауылы маңында оның “Lexus RХ350” автокөлігінің алдынан бір табын жылқы шыға келген. Бірнеше ондаған жылқы жолға шығып кеткен. Жүргізуші бірден әрекет етіп үлгергенімен, жылқылардың бірімен соқтығысып қалады. Адам да, жылқы да дін аман, бірақ автокөлік механикалық зақымдалған. Ер адам полицияға хабарласқан. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы келіп, жылқы табынының иесін, аудан орталығының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Мал бағу ережесін бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік материал жиналды.

– Бұл биылғы жылдың басынан ауылшарушылық жануарының қатысуымен орын алған екінші жол-көлік оқиғасы, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов. – Абырой болғанда, екі оқиғада да зардап шеккендер жоқ. Кейбір мал иелерінің жауапсыздығы мал ұрлығына жағдай жасап қана қоймай, жолдағы қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін түсінген абзал. Учаскелік полиция инспекторлары ауылдықтармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Айта кететіні, бұл оқиғада учаскелік полиция инспекторы өз әкімшілік учаскесіндегі және көршілес әкімшілік учаскелердегі мал бағу ережелерін сақтау бойынша жағдайды жақсы білгендіктен мал иесін жедел анықтаған. Заңнамамен қаңғыбас малдардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарасытырылған. Мұндай фактілерге жол берілмеуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру