Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының бастамасымен есірткі сатуды насихаттайтын 150 сайт бұғатталды

Алматы полициясының бастамасымен есірткі сатуды насихаттайтын 150 сайт бұғатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлық бүгінде – өзекті мәселеге айналды. Әсіресе синтетикалық есірткі кең таралды.

– Алматы полициясының интернет-ресурстарына қала тұрғындарынан көптеген ақпарат түседі. Негізінен, бұл граффити немесе интернет-сайттардың мекен-жайы бар “есірткі трафареттері” деп аталатын хабарламалар. Халықпен тығыз өзара әрекеттесу арқылы ғана біз қаладағы есірткі жағдайын жақсарта аламыз. Сонымен қатар “Алматы есірткі трафаретінсіз” науқанын өткізіп жатқан “Қазақстан еріктілері Лигасы” қоғамдық қорына жеке алғыс айтқым келеді. Еріктілер мен қала тұрғындары ұсынған ақпараттың арқасында жыл басынан бері бір мың 682 граффити боялды. Сондай-ақ полицияның тиісті қызметтері әлеуметтік желілерді қадағалап, есірткіні насихаттайтын сайттарды анықтайды. Бүгінгі күні осындай 150 ресурс анықталды және бұғатталды, – деді Алматы қалалық ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, жыл басынан бері ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы синтетикалық есірткі өндірілген үш ірі наркологиялық зертхананы анықтады. 13 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды, 15 келі түрлі есірткі түрлері тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру