Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғыны бұрынғы әйелінің пәтерінен 1 млн теңге ұрлап кетті

Қарағанды тұрғыны бұрынғы әйелінің пәтерінен бір миллион теңге ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 мамырда 40 жастағы әйел Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу пәтерге кіріп, бір миллион теңгені ұрлап кеткені туралы шағымданды. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы кіреберіс есіктің бұзылмағанын анықтады. Ұрлықты жәбірленуші жақсы білетін және пәтердің кілті бар адам жасауы мүмкін деген болжам жасады. Оның үстіне ұры жәбірленуші өзінің жинақ ақшасын қайда сақтағанын білген. Жәбірленушінің айтуынша, 40 жастағы бұрынғы күйеуінде қосымша кілттер болған. Күдікті ер адамды іздестіргенімен оның қай жерде және кіммен кеткені белгісіз болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

12 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру