Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының бастығы шенді аруларды мерекемен құттықтады

Алматы полициясының бастығы шенді аруларды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында Алматы қаласының шенді аруларының құрметіне әйгілі композициялар шырқалды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы қалалық полиция департаменті өткізген мерекелік шараның құрметті қонақтары мәдениет қайраткерлері мен қазақ эстрадасының жұлдыздары болды.

– Ер адамдармен қатар жеке уақыты мен мүмкіндіктеріне қарамастан ішкі істер органдарында күрделі қызметті атқарып, тәртіпті күзетіп жүрген әйел әріптестеріміздің құрметіне тамаша әуен ойнады. Осынша қарбалас жұмыспен қоса, олар – бір отбасының ұйытқысы, ана. Сіздерге алғыс айтамыз. Бүгінде Алматы полициясының қатарында мыңнан астам әйел қызмет етеді. Олардың арасында табысты тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер бар, олар өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді кейде ер адамдарға қарағанда жақсы орындайды, – деді, Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Көктем мерекесі қарсаңында Алматы қаласының барлық әйел полицейі ішкі істер министрінің, қала әкімінің және полиция департаментінің Құрмет грамоталарымен, марапаттарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Осы мерекеде біз ардагер әйелдерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Олардың көп жылғы қызметі, бай тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өскелең ұрпаққа полиция қызметкерлерінің қызметтік борышын адал атқарудың, адамдарға деген құрметтің үлгісі болып саналады.

– Құрметті әйелдер! Бұл күндері сіздерге қаншама жылы лебіздер айтылса да, ал олардың көп болары сөзсіз, жүрегіміздегі құрмет, сүйіспеншілік, алғыс сезімін толық жеткізе алмайды. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Сіздер біздің өмірімізді жарқын етесіздер. Оны махаббат пен берекеге толтырасыздар, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру