Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полициясында көпбалалы ана қызмет етеді

Іңкәр Рашидқызы Түркістан облысы ПД Ордабасы ауданында аға криминалист лауазымында қызмет етеді. Темірдей тәртіптің ортасында жүрген Іңкәр 7 баланың анасы, “Алтын алқа” иегері. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы тәжірибелі полиция қызметкері жайлы ақпарат ұсынады.

Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, азаматтардың тыныштығын күзетудің маңызын терең ұғынып, өз қызметін жауапкершілікпен атқарып жүрген арулардың қоғамда орны ерекше. Еңбекқор криминалист полицей кәсіпқойлықта, төзімділікте және адалдықта ер адамдардан кем түспейтін полиция қызметкері Іңкәр Рашидқызы соның дәлелі.

Түркістан облысы ПД Ордабасы ауданында аға криминалист Іңкәр егіздерді екі рет өмірге әкелген, яғни 7 баланың анасы, “Алтын алқа” иегері. Шенін келіндік қызметімен қатар алып жүрген Іңкәр бүгінде ата мен енеге және еліне қалтқысыз қызмет атқаруда. Осы тұрғыдан біз оны барша қазақ келіндеріне үлгі етеміз.

Осынау көктемнің шуақты мерекесінде барша шенді арулардың отбасына амандық, деніне саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр тілейміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру