Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД бастығы сотталғандарды қабылдады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков №12 және №14 мекемелеріне барып, сотталғандарды жеке өзі қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пенитенциарлық мекемелерге жұмыс сапарымен ҚАЖД басшысымен бірге оның орынбасарлары Қанат Ашов пен Ерлан Ұзақов барды.

Жеке қабылдау барысында департамент бастығы сотталғандардың өтініштерін тыңдады. Сұрақтар негізінен медициналық қызмет көрсету, мүгедектікті ресімдеу, жұмысқа орналасу және тамақтану нормаларына қатысты болды. Барлық өтініш бойынша құқықтық сипаттағы толық түсініктемелер, жауаптар мен ұсынымдар берілді. Проблемалық мәселелерді қарау кезінде белгілі бір шешімдер қабылданып, мекеме әкімшілігіне міндеттер қойылды.
Қойған сауалдарына жауап алғаннан сотталғандар ҚАЖД басшысына жеке қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Жұмыс сапарының нәтижелері бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, орындалатын міндеттер мен ерекшеліктерді ескере отырып, департаменттің мекемелері мен бөлімдері үшін ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар департамент басшылығы мекемелердің жасақтарын аралап, сотталғандармен сұхбаттасты.

– “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде біз сотталғандарды жеке қабылдау барысында сапалы түсіндіру үшін қажетті шараларды жүргізіп жатырмыз. Бұдан басқа, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыстар да күшейтілді, бұл мемлекеттік органдар мен халықтың арасында сенімділікті нығайтудың тиімді әдістерінің бірі саналады. Сонымен қатар департаментте азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін құрылған Whatsapp желісі жұмыс істейді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша 9 мекеме мен күзет бөлімі жұмыс істеуде. Мұндай іс-шара әр сәрсенбі сайын тұрақты негізде өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру