Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ АҚШ елшілігінің өкілдерімен есірткіге қарсы ынтымақтастықты нығайту шараларын талқылады

ІІМ АҚШ елшілігінің өкілдерімен есірткіге қарсы ынтымақтастықты нығайту шараларын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-де есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің басшысы Юлиана Садовскимен кездесуі өтті.

Департамент бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов кездесуге қатысушыларды есірткі қылмысына және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шаралары, оның ішінде Үкімет пен елдің мүдделі органдары қабылдайтын трансұлттық нысандары туралы хабардар етті.

Кездесуде есірткіге қарсы ынтымақтастықты нығайту, өңіраралық отырыстарды ұйымдастыру, Қазақстан өкілдерін синтетикалық есірткіге қарсы күрес, оның ішінде интернетте оқыту, есірткі зертханаларын анықтау және есірткі бизнесінен алынған қаражатты заңдастыру, сондай-ақ прекурсорларды бақылау мәселелері талқыланды.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру