Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласында ҚАЖД қызметкерлері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Алматы қаласында ҚАЖД қызметкерлері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті нысанды киімдерін ертегі кейіпкерлерінің киіміне ауыстырған қызметкерлер балалармен бірге би билеп, шырша мерекесін өте көңілді атап өтті.

–Санаулы сағаттардан соң есіктен енетін жылан жылы халқымызға жайлы жыл болсын. Біздің болашағымыз – балалардың қуанышы ешқашан ортаймасын, – деді құттықтау сөз сөйлеген департамент бастығы  Е.Ұзақов.

– Шырша мерекесінде бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, ән шырқады. Балалар үшін ең қызықты сәт жаңа жылдық сыйлық алған сәт болды. Биыл жеке құрамның балалары үшін сыйлықты Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесі жасады. «Қуанса бала қуансын» дейтін халықпыз ғой. Біз үшін балалардың қуанышынан асқан бақыт жоқ, – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Сағалбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру