Алматы қаласының полицейлері қан доноры болды
Алматы қаласының полицейлері қан доноры болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полиция Департаментінің қызметкерлері өз еркімен қан тапсыру науқанына белсенді қатысты.
- Қан тапсыру науқанына қатысу жеке құрам үшін дәстүрлі оқиға болды. Кім-кім, бірақ, полиция мен дәрігерлер, әр түрлі апаттарда зардап шеккендерден бастап, күрделі оталарға дейін күн сайын қан қажет екенін біледі. Сондай-ақ, қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін де қан үнемі қажет болатынын білеміз. Мұндай көмек мұқтаж жандардың денсаулығына оң серпін береді деп ойлаймыз. Бұл іс-шараға әртүрлі қызметтер мен бөлімшелердің ондаған қызметкерлері қатысады, және бұл дегеніміз оншақты литр сау қан, - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Абдуали Нашарбеков.
Өз кезегінде "Республикалық қан орталығындағы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының медицина қызметкерлері, полицейлерді еріктілер қатарынан көргендеріне қуанышты екенін атап өтті.
- Тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді, жақсы дене дайындығы бар, ал, донор тек ауыр сырқаты жоқ адам ғана бола алады, - дейді медициналық мекеме.