Алматы тұрғыны 9 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырып кетті
Алматы тұрғыны тоғыз миллион теңгеден астам қаржыны жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖШС бірінің қауіпсіздік қызметінің маманы аумақтық полиция бөліміне хабарласты, және дүкен қызметкері ЖШС-де нысандарды пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің әкімшілік-шаруашылық қызметінде маман болып жұмыс істей отырып, қызметі көтерме бөлшек сауда және бәріне қаржылық жауапты адам болды. Ол қызмет бабын пайдалана отырып, заңсыз иемдену мен жымқыру, яғни өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау әрекетін жасады.
Ұсталған 1981 жылы туған А.есімді азамат, 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың қарашасына дейін өзінің қылмыстық жоспарын жүзеге асырғаны анықталды. Ол дүкенге келген тауарларды иемденіп, басқа жерлерге сатуға өткізді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында жетіспеушілік анықталды:
– 400 бірлік көлемінде – антисептиктер.
– Жаңбыр жауғанда киетін плащ – 62 бірлік көлемінде.
– Поло футболка – 59 бірлік.
Және ЖШС қоймасына келетін басқа тауарлар. Жетіспеушіліктің жалпы көлемі 738 бірлікті құрады, оның сомасы тоғыз миллион теңге.
Бұл факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қамауға алу болып табылады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.