Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны үй ауласында есірткі өсірген

Алматы тұрғыны үй ауласында есірткі өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері импровизацияланған плантацияда 16 марихуана түбін анықтады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Щорса көшесі бойындағы үйлердің бірінде 16 түп қарасора тәркіленді. Үй иесі – Б.есімді азамат ұсталды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген түптер марихуана есірткісі болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3 келі 910 граммды құрады. Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл әрекеттердің шынайы себебі міндетті түрде анықталатын болады, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру