Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өткізілді
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде Ұлттық ұланның әскери 3660 бөлімінің қолбасшылығымен бірлесіп жедел кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеңеске департаменттің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел және режимдік қызметтерінің, тәрбие мен кезекші бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ командирлер, әскери наряд бастықтары және 12, 14 және 57 мекемелерге кіретін әскери қызметшілер қатысты.
Қатысушылар ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында суицидтің және басқа да төтенше оқиғалардың себептерін қарастырды.
Проблемалық мәселелерді талқылау барысында, ҚАЖ қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әлеуетті суицидтермен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі практикалық және алдын алу шаралары мен мінез-құлық үлгілері әзірленді.
Отырыста жедел-режимдік желі мәселелері талқыланды. Жиын соныңда ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы нақты міндеттер қойып, орындау мерзімдерін анықтады.