Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін қабылдау рәсімі өтті
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін қабылдау рәсімі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін ҚАЖ органдарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізілді.
Салтанатты іс-шараға департамент басшылығы, Ұлттық ұлан өкілдері және жеке құрам қатысты.
Рәсім барысында қызметтік тәртіпті нығайту, мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүктелген міндеттерді сапалы орындау бағытындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
Департамент басшылығы жаңадан қабылданған қызметкерлерді құттықтап, олардың алдағы қызметтік міндеттерді атқаруда жоғары жауапкершілік пен кәсіби даярлық танытатынына сенім білдірді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының жеке құрамына ресми түрде таныстырылып, тиісті құжаттық рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.
Ұлттық ұлан өкілдері әскери қызметшілердің даярлығы мен тәртіптік деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, олардың жаңа қызмет орнында заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосатынын жеткізді.
Салтанатты рәсім соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жаңа құрамға қызметтік жолда сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ҚАЖ органдарының кадрлық әлеуетін күшейту және қызмет тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
