Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД өткен жылғы жұмысын қорытындылады
ҚАЖ Комитеті төрағасының міндетін атқарушы Абай Қайырбековтің басшылығымен өткен қорытынды жедел қызметтік кеңеске департаменттің жеке құрамы, ведомствоға бағынысты мекемелердің және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірінші кезекте ҚАЖК басшысы департамент бастығы Рысбек Тұрғымбаевты таныстырды. Сонымен қатар жеке құрамға министрдің жыл қорытындысы бойынша алқада айтылған тапсырмаларын жеткізді.
Жедел кеңес барысында қызметтердің 2024 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындылары шығарылды, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленіп, әр бағыттағы жетістіктер аталып, кемшіліктер талданды.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мекемелерге тыйым салынған заттардың өтуін және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдар тарапынан қайта қылмыстарды болдырмау жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі талқыланды.
Сонымен қатар ҚАЖД бастығы Рысбек Тұрғымбаев қызметкерлердің заңдылықты сақтауына және кадрлық жұмысқа қабылдауды күшейтуге ерекше назар аударды.