Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 10 шақты велосипед ұрлаған жамбылдық ұсталды

Алматыда 10 шақты велосипед ұрлаған жамбылдық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ұсталған 27 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны осыған ұқсас 8 ұрлық жасағанын мойындады.

– Бұл эпизодтар бір өндіріске біріктіріліп, қылмыстық іс тергелуде. Қаскөй қысқа мерзімде бірнеше рет велосипед ұрлаған. Ұстау шарасын біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізді. Негізінен ұрлық көпқабатты тұрғын үйлердің және тұрғын үй кешендерінің кіреберістерінде орын алған. Күдікті кіреберістерге кіріп, екі дөңгелекті көлік құралдарын ұрлаған. Одан кейін ұрланған велосипедтерді арзан бағаға сатып жіберген, –  деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері азаматтарды ұсталған адамның суретіне мұқият қарауға шақырады. Таныған адамдар мына телефон нөмірлеріне хабарласулары қажет: 254-47-02; 254-47-04; 254-47-41.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру