Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 30 жас полицейге алғашқы офицерлік шен табысталды

Алматыда 30 жас полицейге алғашқы офицерлік шен табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүр бойынша Алматы қалалық ПД-да департамент бастығы Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен салтанатты шен табыстау рәсімі өтті. Қаладағы тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз ететін офицерлер қатарына жас жігіттер мен қыздар қосылды: 30 тәртіп сақшысы лейтенант шенін алды.

– Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алғы шепте қылмыспен күрес жүргізу міндеті сіздерге артылады. Әрқайсыңыз жүрегіңіздің үнімен, жаныңыздың қалауымен қазақ полициясының қатарын толықтырдыңыздар. Анттарыңызға, халқыңызға адал болыңыздар! Сіздерді өмірлеріңіздегі айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын, құрметті әріптестер, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру