Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Спорттық дүкеннен күртеше ұрлаған астаналық екі азамат анықталды

Спорттық дүкеннен күртеше ұрлаған астаналық екі азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық сауда үйлерінің біріндегі Спортмастер дүкенінің қызметкерлері ерлер күртешесінің жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы 91 мың теңгені құрады. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде жедел уәкілдер 28 және 24 жастағы екі қалалықтың ізіне түсті.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер әрқайсысының басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Ұрланған зат тәркіленіп алынды, тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылатын болады.

Анықталған азаматтар кезекші тәуліктің ішінде ұсталды.

Жалпы, қазіргі кезде техникалық жарақтандырылудың, күзет ұйымдарымен және бизнес объектілерінің қауіпсіздік қызметтерімен өзара тығыз іс-қимыл жасасудың арқасында, қолсұғушылықтан қорғану жүйесі бір жолға қойылған, сауда нүктелерінде қылмыс жасау әлдеқашан мәнін жойған: ұрлықтың басым бөлігі “ізін суытпай” не қысқа мерзімде ашылып жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру