Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 40-тан астам адамның қаражатын алаяқтықпен иемденген азамат қамауға алынды

Алматы полициясы “Hi-Tech” іс-шарасы аясында тұрғындарға жиі кездесетін алаяқтық түрлері туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ақпараттық технологиялар, соның ішінде интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстарды ашуға және алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған “Hi-Tech” іс-шарасы аяқталды.

– Іс-шара кезеңінде криминалдық полиция қызметкерлері арасынан мамандандырылған жедел-іздестіру топтары құрылды. Аталған іс-шара барысында “Киберпол” бөлімшесі 154 алаяқтық жасады деген күдікпен 21 интернет-алаяқты ұстады. Олардың арасында ірі алаяқтық жасағаны үшін Қостанай облысының полицейлері іздеп жүрген 27 жастағы М.есімді азамат та бар. Алынған мәліметтерге сәйкес, қаскөй үшінші адамдарға тауарлық несиелерді рәсімдеумен айналысқан. Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеден асады. Ол қамауға алынды. Сонымен қатар осы күндері Instagram әлеуметтік желісінде жалған аккаунт ашып, несие тарихы нашар адамдарға несие алып беремін деген желеумен 40-тан астам адамның қаражатын иемденген 23 жастағы И.есімді азамат ұсталды. Ол да қамауға алынды, – дед Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру