Алматыда екі көлік бірдей нөмірмен жүрген
Алматыда екі көлік бірдей нөмірмен жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Егіз көліктер – мамандандырылған айыппұл тұрағында «кездесті», оларды полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлер мен тіркеу куәліктерін анықтағаннан кейін осында жеткізді.
– Біздің деректерге сәйкес, шынайы Nissan қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында орналасқан және белгілі болғандай, оның иесі өз көлігінің екі көшірмесі көрші елде «өмір сүріп жатқанын» білмеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құжатты қолдан жасап, жалған мемлекеттік нөмір жасау тетігі анықталатын болады. Заңды бұзғандар, соның ішінде егіз көлік иелері заң бойынша жауап береді. Көлік құралдары тәркіленді, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.