Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Instagram” желісінде тұрғындарды алдап жүрген ер адам ұсталды

2019 жылдың ортасынан бастап 2001 жылы туған М. есімді жігіт ақшаны жылжытуға және көбейтуге бағытталған “Instagram” желісіндегі парақшаны басқаратыны белгілі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ең төменгі жарна 25 мың теңгені салған кезде, ол 310 мың теңгеден бастап одан жоғары табысқа жетуге болады деп сендірді.

– “Айналдырудың” мәні былай болды: мүдделі “клиент” парақша әкімшісі көрсеткен “KIWI әмиянына” ақша жібереді. Спорттық жарыстарға ставка жасау арқылы клиент капиталын ұлғайтуға тиіс болды. Оның айтуынша, матчтар туралы ақпарат бар және жеңіске жету мүмкіндігі 100%, тек салымдар қажет. 19 жастағы қаскөй аудио хабарламалармен сөйлесіп, кепіл ретінде басқа адамның құжаттарымен фотосуретті лақтырған. Бір қызығы, оның құрбандары бұған сеніп қалатын. Ақысыз ірімшік тек қақпанда болуы мүмкін деген ұтымды түсініктен алшақтаған және тез ақшаға деген құштарлық басым болған сияқты. Алаяқтың құрбандары оған «киви әмиянына» ақшаны байып кетемін деп түрлі мөлшерде лақтырған, бірақ бірнеше минуттан кейін олар онымен байланыса алмады. Қазіргі уақытта күдікті – М. мырза қамауға алынды. Оған қатысты тергеу әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру