Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мас күйде көлік тізгіндеген 437 жүргізуші жазаланды

Алматыда жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 437 жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаның бұлтартпау қағидасы туралы еске салды.

Кішігірім іс-әрекеттің өзі үлкен қателіктердің алғышарты болатыны белгілі, оның бағасы – адам өмірі.

– Полиция, «нөлдік төзбеушілік» қағидатын, жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында тұрақты негізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізеді. Жыл басынан бері 653 әкімшілік іс қарастыру және шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Оның ішінде 437-сі көлік құралын мас күйде басқару деректері бойынша, 26-сы – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кету деректері бойынша, 17-і – медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін, 4 – жалған нөмірді автокөлікке орнатқаны үшін және тағы 2 – көлік құралына стробоскоп пен СГУ орнатқаны үшін. Нәтижесінде соттың шешімімен 376 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 398 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Баяндамашы, қала аумағында борышкерлерді, сондай-ақ өз еркімен әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Көлік құралдарын мамандандырылған тұраққа орналастыру және қамауға алу түріндегі әкімшілік шараларды қолдану арқылы, борышкерлерді анықтау жұмыстары күшейтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру