Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі шымкенттік “синтетиканы” тасымалдау кезінде ұсталды

Екі шымкенттік “синтетиканы” тасымалдау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі жеткізушілердің көлігінен полиция қызметкерлері 2 келі “скорость” кристал сынды есірткі затын тапты. Toyota Camry көлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерімен Шымкент – Ташкент тас жолында жедел іс-шараларды өткізу барысында тоқтатылды.

24 жастағы жүргізуші мен 22 жастағы жолаушы Алматы, Қарағанды облыстары мен Шымкенттің аумағында синтетикалық есірткілерлі тасымалдаумен айналысқан. Бұл жұмысты жігіттер ғаламтор мессенджерлердің бірінен тауып, есірткі тығылған жасырын жерлердің координаттары мен тапсырмаларды хабарлама арқылы алып отырған.

Көрсетілген жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру