Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған жүргізуші анықталды

Павлодар облысында тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейбір азаматтардың облыс орталығына немесе басқа елді мекендерге мал тасымалдағанда немесе ет өнімдері мен басқа да өнімдерді сатуға тасымалдаған кезде өздерімен бірге тиісті құжаттары болмайды

– Мысалы, 26 наурызда Павлодар – Қызылорда автожолының 15 шақырымында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ГАЗель көлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі екі бас ірі қара мал мен екі жылқыны тиісті құжаттарсыз тасымалдады. Одан әрі талқылау үшін жүргізуші мен көлік құралы Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөліміне жеткізілді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.

Сол күні Стелла – Екібастұз автожолында патрульдеу барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Audi-100 көлігін тоқтатты. Ол жүк салу бөлігінде жалпы салмағы 20 келі болатын балықты (қарақұйрық, мөңке балығы) қаптарда тасымалдаған. Бұл ретте жүргізушіде ілеспе құжаттары болмаған.

Айта кету керек, әуесқой балықшыларға құжаттарынсыз 5 келіге дейін балық тасымалдауға рұқсат етілген. Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Тәртіп сақшысы ұрлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу, мал басының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс аумағында үнемі рейдтік іс-шаралар жүргізілетінін атап өтті.

Павлодар облысында барлығы 146 арнайы айыппұл тұрағы жұмыс істейді. Онда жыл басынан бері 2120 бас мал жайылымда бақылаусыз жайылып, облыстың автожолдарында кезіп жүрген. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 100-ге жуық иесі жауапкершілікке тартылды. Полиция малды тасымалдау немесе ет өнімдерін тасымалдау кезінде тиісті құжаттар болуы керек екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру