Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “медресе мұғалімі” садақа жәшіктеріндегі ақшаны қолды қылды

35 жастағы ер адам өзін медресе қызметкері ретінде көрсетіп, қайырымдылық қораптарын босатып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу анықтағандай, 1986 жылы туған К.есімді азамат, айтпақшы, бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған, шағын азық-түлік дүкендеріне келіп, садақаға арналған қораптардың ішіндегі заттарын алаяқтық жолмен иемденіп алған.

– Әр уақытта ол өзін дүкен жұмысшыларына медресе мұғалімімін деп таныстырды. Бір жерде ол қораптарды аша алды, ал ашуы қиын болған жерде қайырымдылықты қорабымен бірге алып кетті. Тек Алатау ауданында ғана оның осындай үш алаяқтыққа қатысы дәлелденді. Қала тұрғысынан алғанда бұл көрсеткіш шамамен 10-ға жуықтады. ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу барысында басқа да қылмыстық эпизодтардың анықталуы мүмкін. Қазір күдіктінің жеке басы мұқият тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру