Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.

Оларды полиция қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы кезінде анықтады.

– ЖАІШ-тың 4 күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 689 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 83 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 360 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 288 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 40 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 464 шетелдік орналастырылды, – деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, іс-шара күндері көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген.

Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру