Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз баспаханалары есірткімен күресте полицияға қолдау көрсетпек

Тараз баспаханалары есірткімен күресте полицияға қолдау көрсетпек, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында баспахана басшыларымен кездесулер өткізді.

Полицейлер кәсіпкерлерді түрлі өнімдерді (баннерлер, билбордтар, парақшалар) басып шығару кезінде есірткі құралдарын жарнамалауға және насихаттауға жол бермеу, тыйым салынған заттар сатылатын сайттарға сілтемелері бар QR-кодтарды көрсетпеу туралы ұйғарымдармен таныстырды.

Оларға ҚР ҚК-нің 299-1-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша қылмыстық және ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Тыйым салынған мазмұн немесе күдікті сілтемелер анықталған жағдайда, қызметкерлердің полицияға қоңырау шалуын сұрады.

Өз сөзінде “Рысбаева и Ко” ЖШС басшысы Сәуле Рысбаева оның компаниясы көптеген жылдар бойы қылмысқа қарсы күресте полицияға көмек көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

– Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің күшеюімен қылмыскерлер өз құрбандары үшін жаңа сценарийлер ойлап таба бастады. ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес баспахананың есірткі сатушылардың қара бизнесіне қатысуына жол бермеу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңірлік баспа ұйымдарының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олар біздің қызметкерлермен ынтымақтасуға және тапсырыстар түскен кезде тыйым салынған контенттің бар екендігі туралы жедел хабарлауға дайын екендіктерін білдірді, – деді Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру