Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пробация бақылауындағы мыңға жуық сотталған тексерілді

Алматыда пробация бақылауындағы мыңға жуық сотталған тексерілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық “Есепте тұрған” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробациялық қызметінің бақылауындағы сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру және қылмыстың алдын алу жұмыстарына 100-ден аса пробация қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар қатысуда.

Алматы қаласында 2790 сотталған пробациялық бақылауға алынған. Аталған іс-шара кезінде есептегі 1000-ға жуық сотталған тексеріліп, олармен қылмыстың алдын алу барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сотталғандарға жаза өтеудің талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын жазалар мен қайталап қылмыс жасаудың олардың өміріне тигізетін зияны жайлы нақты мысалдар арқылы өткізілді.

Сотталғандар арасындағы ахуалды жақсарту, олардың қоғамға пайдалы адам болуларына әсер ететін психологиялық жұмыстардың да тигізетін ықпалы зор. Бұл орайда пробация қызметінің психолог-инспекторлары да қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

“Есепте тұрған” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде қоғамнан оқшауламайтын жазаға кесілген сотталғандар арасында бүгінге дейін 10 құқық бұзушылық анықталды. Жаза өтеу тәртібін бұзған 7 сотталғанға ескерту берілсе, 6 сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа материал жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру