Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қонақтары кальян шеккен ойын-сауық мекемелері жауапқа тартылды

Алматыда қонақтары кальян шеккен ойын-сауық мекемелері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше түнде Алмалы, Әуезов және Түрксіб аудандарында қонақтарға кальян ұсынған ойын-сауық орындарының иелері жауапкершілікке тартылды.

Қаланың кейбір мекемелерінде карантиндік шаралардың әлсіреуімен, санитарлық және гигиеналық қауіпсіздікті, сондай-ақ қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салатын заңдылықты мүлде ұмытты. Сонымен қатар, бұл бұзушылықтар азаматтардың орынды алаңдаушылықтары мен шағымдарын туғызуда. Осыған байланысты қаладағы ойын-сауық мекемелерінде кальянды пайдалану бойынша заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтер жүргізілді.

Оны жүзеге асыруға қоғам белсенділері, атап айтқанда полиция көмекшілері мен «Темекісіз Алматы» коалициясының өкілдері қатысты. Кеше түнде жазғы кафелер, барлар мен мейрамханалар тексерілді.

– Нәтижесінде ҚР ӘҚбК-нің 441-бабында көзделген 32 заң бұзушылық анықталды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, мекеме басшыларына шылым шегу мен кальянды пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарға жол бермеу талаптарымен жүгінемін, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру