Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда "Қозғалыстың жас жол инспекторлары" қалалық слетінің жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында мегаполистің сегіз ауданынан келген командалардың қатысуымен "Қозғалыстың жас жол инспекторлары" қалалық слеті өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау барысында қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ шығармашылық және үгіт-насихат бағытындағы қойылымдарын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, тәртіп пен ұйымшылдықты байқатты.

Слет қорытындысы бойынша:
І орын — Жетісу ауданы (№112 мектеп);
ІІ орын — Наурызбай ауданы (№206 мектеп);
ІІІ орын — Медеу ауданының №98 мектебі мен Алатау ауданындағы №212 мектеп-гимназиясы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

— Жолдағы қауіпсіздік мәдениеті бала кезден қалыптасуы тиіс. Бүгінгі ҚЖИ қатысушылары — тек оқушылар ғана емес, олар жол қауіпсіздігін насихаттауда және құқық бұзушылықтың алдын алуда біздің сенімді көмекшілеріміз. Осындай бастамалар арқылы біз жауапкершілігі жоғары жол қозғалысына қатысушыларды тәрбиелейміз, — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Аталған слет білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру