Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда такси жүргізушісін тұншықтырып, қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Алматыда такси жүргізушісін тұншықтырып, қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамызда “Халық Арена” аймағында такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалды. Полиция бұрын қарақшылық шабуыл және тонау бойынша сотталған күдіктілерді тез арада ұстады. “Яндекс такси” жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалды. Түнгі сағат бір жарым шамасында ол өтінімді қабылдады, клиенттерді “Саяхаттың” ауданына алып бару керек болды.

Жәбірленуші қыздың айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген мекенжайға жеткен соң, олардың бірі жүргізушінің мойнын тұншықтырды. Содан кейін қыз есінен танып қалған, жолаушылар отыратын артқы орындықтың еденінде оянды. Олар оның банк картасы мен телефонын алып алған. “Теректі” ықшамауданының аймағында оны көліктен шығарып жіберді. Осыдан кейін ғана жәбірленуші полицияға хабарласа алды. Келген полиция қызметкерлеріне күдіктілердің белгілерін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар бұрын бірнеше рет сотталған 34 және 23 жастағы ер адамдар болып шықты.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Алматы қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру