Алматыда тергеу изоляторының қыметкерлері өзен бойынан қару-жарақ тапты
Алматыда тергеу изоляторының қыметкерлері өзен бойынан қару-жарақ тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторының жедел бөлімі жасырылған қаруларды анықтау бойынша жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, аталған жедел бөлімнің ақпараты бойынша жыл басынан бері 9 қару қоймасы анықталды.
Жуырда Алматыда тергеу изоляторы жедел бөлімінің ақпараты бойынша Бутаковка өзенінің бойынан да қару табылды. Бұталардың арасына жасырған тегіс ұңғылы 2 мылтық, Страж-Щит бір тапанша мен оқ-дәрілер табуда Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен ҚАЖ департаментінің жедел уәкілдері өзара ынтымақтаса жұмыс істеді.
ҚАЖ қызметкерлері осы оқиғадан кейін іле-шала Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы бір тұрғын үйдің ауласына жақын жерге жасырылған тағы бір қару қоймасын анықтап, 250-ден астам қолданылған гильзалар мен патрондар тапты.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.