Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда цирк әртістері сотталған жасөспірімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемеде сотталған балалар Қазақ мемлекеттік цирк артистерінің өнерін тамашалап, ерекше көңіл-күйге бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әсіресе Влад Степанюганың роликпен билеген биі және Ольга мен Наталья Дорониндердің Хула-хуп ойындары, Ирина Щадконың фокустары балаларды таң қалдырды. Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінің оқушылары акробаттар Валерия Проссова-Арестова, Артур Тратниковтердің өнері де қызықты болды. Аман Дюсебеков, Ляззат Байтоканова, Али Саловатов, Елена Разухеджаева сияқты өнерпаздардың талантына балалармен қатар барлық көрермендер риза болды.

– Бала қоғамның баға жетпес байлығы. Олар біздің болашағымыз екенін ескерсек, балалардың өмірінде тәрбие басты рөл атқарады. Иә... біздегі балалар қылмыс жасап, сотталған балалар. Бірақ өмірде қателескен балаларды дұрыс жолға бағыттап, қалыпты өмірге жол сілтеу біздің парызымыз. Ал өнер баланың өз эмоциясын басқаруына және өзіне деген сенімділікті арттыруына ықпал етеді. Сондықтан да біз түрлі әдеби-мәдени шараларды жиі ұйымдастырып, бойдағы өнерге деген құштарлықты арттыру арқылы олардың қате басқан қадамдарын түзетуге тырысамыз, – дейді департамент бастығы Ерлан Ұзақов.

Кеш соңында жасөспірімдерге естен кетпес кеш сыйлаған цирк ұжымына Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру