Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жарты айда түнгі уақытта 38 рет ішімдік сатылған

Алматыда жарты ай ішінде түнгі уақытта 38 рет ішімдік сатылған, – деп хабаралайды Polisia.kz.

Мұндай мәліметтерді жергілікті полиция қызметі іс-шараның аралық қорытындысын шығара отырып келтіреді.

– Арнайы мобильді топтар сауда орындарын тексеріп, алкоголь өнімдерін сатуға қатысты заңнама талаптарын барлығы бірдей орындамайтындығына көз жеткізді. Әсіресе, мұндай бұзушылықтар түнде ішімдік сататын, тіпті кейде 21 жасқа толмаған адамдарға да сататын шағын азық-түлік дүкендерінің сатушылары арасында жиі кездеседі. Мәселен, жыл басынан бері қаладағы ювеналды полиция қызметкерлері осыған ұқсас 68 құқық бұзушылықты анықтаған. Оларға айыппұл салынды. Сонымен қатар, нәтижесінде 36 дүкеннің қызметі бір ай мерзімге тоқтатылды, тағы екі сауда орны бірнеше рет заңбұзушылық жасағаны үшін алкогольдік өнімдерді сату лицензиясынан айырылды, – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.

Баяндамашы мұндай заңбұзушылықтарға бірнеше рет жол берген кәсіпкерлерді айтты.

– «Өжет» шағын ауданындағы «Береке» дүкені. «ЖК Джумағалиева» сот шешімімен алкоголь өнімін сату лицензиясынан айырылды, сондай-ақ, 163 352 теңге сомасында 80 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

– «Жұлдыз» шағын ауданындағы Дөнентаев көшесінің бойындағы «Бастау» дүкені. «ЖК Бабатаев» сот шешімімен алкоголь өнімін сату лицензиясынан айырылды және айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру