Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобөлшектердің жалған сатушысы Өскемен тұрғындарын алдаған

Автобөлшектердің жалған сатушысы Өскемен тұрғындарын алдаған, – деп хабаралайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің “102” жедел арнасына облыс орталығының 59 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Әйел адам автобөлшектерді сатып алмақшы болып алаяққа тап болғанын айтқан.

Жәбірленуші хабарламаларды қарап Nissan автокөлігіндегі қозғалтқыш пен артқы мосты сату туралы тиімді ұсынысты байқаған.

Сатушымен хабарласып, ол мәміле туралы келісіп, оған шамамен 500 мың теңге аударған, алайда әйел адам ешқандай қосалқы бөлшектерді алған жоқ.

Бір күн өткеннен кейін полиция бөліміне белгісіз адамның қолынан зардап шеккен тағы бір қала тұрғыны жүгінген, ол осыған ұқсас жағдай бойынша 270 мың теңге көлемінде ақшасын алып алған.

Өтінішті қабылдағаннан кейін, тәртіп сақшылары дереу қылмыстарды ашуға кіріскен. Жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген, оның барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғыны болып шыққан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру