Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол инфрақұрылымы жақсартылды

20-30 мамыр аралығында “Назар аударыңыз, балалар!” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қаласында балалардың жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың жол қозғалысы ережелерін қатысты білімін арттыру және жол-көлік оқиғаларының өсуін азайту мақсатында қажетті шаралар қабылданып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы, балалардың құқықтық санасын арттырып, жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, жолда өз-өзіне абай болуды түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

– Алматы қаласында бүгінде 215 мемлекеттік білім беру мекемесі бар. Оқу жылында әкімшілік полиция қызметкерлері жол желісін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару үшін 1408 жол белгілері орнатылды, 588 – ауыстырылды, 207 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі және жеке жобаланған паннолар жарықтандырумен жабдықталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың жарақаттануының алдын алу үшін аймақтағы 80 білім беру мекемесіне темір қоршаулар орнатылды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ Құлбаев осы жылы жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қосылған 16 бағдаршам нысаны мен шақыру түймесі бар 25 басқарылатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Білім беру мекемелерінде көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау мақсатында “Сергек” автоматтандырылған бағдарламалық кешенінің 130 бекеті жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру