Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ПД бастығы тұрғындарға көшпелі қабылдау өткізді

Алматы облысында ПД бастығы тұрғындарға көшпелі қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының басты міндеті – азаматтардың барлық сұраныстарына жедел әрі тиімді жауап беретін халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру. Оны іске асыру мақсатында Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы азаматтарға тұрақты түрде көшпелі қабылдаулар өткізіледі. Бұл жолы облыстық департамент бастығы Бауыржан Әленов Талғар ауданының тұрғындарымен ауқымды диалог өтті.

– Заңдылықты сақтау – полицияның басты басымдығы, ал халық тарапынан әрбір өтінішті егжей-тегжейлі зерделеу және тиімді кері байланысты қалыптастыру – құқық қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеті, – деп атап өтті Б. Әленов.

Сұрақтар негізінен жекелеген қылмыстық істерді тергеу барысына қатысты болды. Оларды қарау кезінде департамент аппараты мен аудандық полиция басшылығы ғана емес, Талғар ауданының прокуроры да әр жағдайды егжей-тегжейлі түсіну үшін қатысты.

– Әр тұрғынның мәселесі жеке қаралды. Жауапты тұлғалар кездесуде қаралған мәселелерді тезірек шешу үшін тиісті нұсқаулар алды, – деп түйіндеді Б. Әленов.

Атап өтсек, облыстық департамент басшылығы азаматтарды көшпелі қабылдауын айына кемінде бір рет тұрақты негізде өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру