Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол талғамайтын көлік ұрлаған екі адам ұсталды

Алматыда жол талғамайтын көлік ұрлаған екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын сотталған екі азамат бөтен біреудің Lexus-570 көлігін ұрлап кеткен.

– Қара түсті жол талғамайтын көлік Айнабұлақ ықшам ауданынан ұрланған. Ұрлық жасаған қаскөйлер көлікті тығып қойған. Қолайлы сәтті күткен күдіктілер мемлекеттік нөмірді жалған нөмірге ауыстырып, көлікті басқа жерге алып баруға дайындалды. Осы кезде олар ұсталды. Көлік ұрыларын әшкерелеу және ұстау іс-шарасын қалалық криминалдық полиция және Жетісу аудандық ПБ-ның қызметкерлері, полицияның арнайы жасағының белсенді көмегімен жүргізді. Күдіктілер түнгі уақытта арнайы техниканың көмегімен бөтеннің көлігінің есігін ашқандығы және ұрлап кеткендігі анықталды. Олар өз кінәларын мойындады, — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Ұрланған көлік тәркіленіп, заттай айғақ ретінде қылмыстық іске қосылды. Қазіргі уақытта бұл дуэттің қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша тіркелген. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру